23.12.2025, 12:00

«Төлегенім кетті, енді Бекежаным алыс сапарға аттанды»: Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімов туралы (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Енді жоғарыда бір-бірімен кездесер.

Алматыда өтіп жатқан Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсіміде «Қыз Жібек» фильмінде Жібек рөлін сомдап, Асанәлі Әшімовпен бір кинода өнер көрсеткен танымал актриса Меруерт Өтекешова сөз сөйледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актриса бұл театр үшін үлкен қайғы екенін атап өтіп, өзінің қимастыңын ерекше сөздермен жеткізді.

«Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс жолға кетті. Бірақ, Асанәлі ағамыз жүрегімізде мәңгі қалады. Халық Асанәлі ағамызды ешқашан ұмытпайды. Тірі кезінде ағамыз өнер, отбасыға байланысты қанша кітап шығарды. Біздің жазушылар Асанәлі ағамызға арналған әлі талай кітап шығарады. Ол кісі туралы жазатын дүние әлі көп. Асанәлі ағамыздың ойнаған рөлдері, режиссер ретіндегі еңбегі әлі талай айтылады. Маған Асанәлі ағамыз аға, актер, ұстаз, дос ретінде көп көмек көрсетті. Мен өнер жолын алғаш бастағанда өте жас болдым. Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға бүгіннен бастап алыс жолға кетті. Енді жоғарыда бір-бірімен кездесіп, бізге жұлдыз сияқты қарап, қамқорлығын көрсетеді. Әттең, 1 жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланады. Қалай болса да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды», — дейді актриса.