$ 504.6  594.27  6.48

«Қара жамылып келгені несі?»: Абай Бегейдің екінші әйелі сынға қалды (ВИДЕО)

Орамал таққан келіншектің бұл образы көпшіліктің көңілінен шықпай, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазыла бастады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Абай Бегейдің екінші жары Фариза концертке киіп келген киімі үшін желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол шараға түгелдей қара түсті киіммен келген.

Орамал таққан келіншектің бұл образы көпшіліктің көңілінен шықпай, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазыла бастады.

Кейбір оқырмандар қара түсті киімді қазақы таным-түсінікпен байланыстырып, сын айтқан. 

«Қара жамылып алғаны дұрыс емес, қазақта қара киімді күйеуі қайтыс болған адамға қатысты айтады», «Қап-қара киімі болмаса, бәрі жақсы», «Неге қара орамал таққан?», «Аппақ киім кисе жарасымды болар еді», «Қара жамылып келгені несі?», — деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары