29.12.2025, 12:00

«Түк дауысы жоқ»: Баян Алагөзова ән айтамын деп сынға ұшырады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ол Kalifarniya-ның "Puerto rico" әнін қатысушы Диас Жорабекпен бірге орындаған.

Танымал продюсер Баян Алагөзова Қазақстан дауысы жобасында дуэт болып ән айтамын деп жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол Kalifarniya-ның "Puerto rico" әнін қатысушы Диас Жорабекпен бірге орындаған. Алайда продюсердің дауысы сынға ұшырады. Желі қолданушылары ән айту Баян ханымға арналмағанын жарыса жазуда. 

"Не айтып тұр мияулап", "Түк дауысы жоқ", "Ән айту сіздікі емес", "Өзіңіз әдемісіз, әніңіз өкінішке орай", "Енді ән айтпаңызшы", "Сұмдық! Не айтты?", "Ән айтпаңызшы", - деп жазды оқырмандар.