$ 504.6  594.27  6.48

Актриса Жанель Мақажан төртінші рет ана атанды (ФОТО)

Сүйінші жаңалықты жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

Фото: @janellemakajan
Фото: @janellemakajan

Танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сүйінші жаңалықты жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

“Жарық дүниеге нұр болып келуіңмен, Асылхан Латиффа Абайқызы. Өмірің бақытқа, жүрегің мейірімге толы болсын, балапаным”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ізгі тілектерін жазып жатыр.

“Бауы берік болсын”, “Керемет есім”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Ғұмырлы болсын! Басында беселі бағы болсын” – деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары