29.12.2025, 16:40

«Осындай ата арман ғой»: Нұртас Айдарбеков немерелерін қуантып, елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Немерелеріне деген махаббаттары ерекше сезіледі». 

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков немерелерімен бірге түскен әсерлі видеосымен желі қолданушыларының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Продюсер жұбайы Гүлзира Айдарбековамен бірге немерелеріне қуаныш сыйлаған сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Бейнежазбада ата мен әженің кішкентай бүлдіршіндерге киім-кешек тарту етіп, мейірім мен жылылыққа толы көңіл күй сыйлағанын көруге болады.

Жылы атмосфераға құрылған видео көпшіліктің көңілінен шығып, желі қолданушылары тарапынан оң пікірлерге ие болды. Оқырмандар:

«Керемет ата-әже — немерелерін еркелетіп, шын жүректен қуанта біледі», «Немерелеріне деген махаббаттары ерекше сезіледі», «Ата мен әже ұзақ ғұмыр сүрсін», «Немерелерінің қызығын көріп, аман-сау жүре берсін», - деп жазды.

Сонымен қатар көпшілік Нұртас Айдарбековтің немерелерімен етене жақын болып, заманауи форматта видеоға түсуін де ерекше атап өтті. Отбасылық құндылықтар мен жылы қарым-қатынасты дәріптеген бұл бейне желі қолданушыларына жақсы әсер қалдырғаны анық.