31.12.2025, 12:40

Халық әртісі атағын алған соң үйленемін деп уәде еттім – Әлішер Кәрімов (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Әлішер Кәрімов жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі ата-анасына берген уәдесін орындап, жақын арада шаңырақ көтеретінін мәлімдеді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің бұл жаңалығы оның тыңдармандары мен жанкүйерлерін ерекше қуантты. Көпшілік әлеуметтік желіде Әлішерге ақ тілектерін жаудырып, бақытты отбасы мен жақсы жар жолықтыруын тілеуде.Өнер иесі өз сөзінде бұл шешімге саналы түрде келгенін айтты.

«Менің уақытым келді, үйленгім келеді. Әке-шешеме уәде бергенмін. Халық әртісі атағын алған соң үйленемін деп уәде еттім. Енді үйлену керек», – деп жауап берді әнші.

Айта кетейік, Әлішер Кәрімов бұған дейін жеке өмірін көпшілікке жария етпеуге тырысқан. Сондықтан оның үйлену туралы мәлімдемесі ел арасында қызу талқыланып жатыр.