Ешкімнің ала жібін аттамай, ешкімге қиянат жасамаудың өзі адамгершілік деп ойлаймын.
Танымал актер Асылбек Боранбай намаз оқитын жандарға ерекше құрметпен қарайтынын, алайда құлшылық әр адамның өзіне ғана қатысты екенін ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, дінді желеу етіп, қоғамда теріс әрекетке баратын немесе намазын өзгеге міндет қылатын адамдар діннің беделіне нұқсан келтіреді. Актер мешітте болсын, күнделікті өмірде болсын көркем мінез бен адамгершілік ең басты орында тұруы керек екенін атап өтті. Асылбек Боранбайдың бұл пікірі желі қолданушылары арасында қолдау тауып, көпшілікті ойландырды.
"Өте дұрыс айтады.Қолтығында жайнамазы мешіттен шығып,қолында телефон аузы боқтыққа толы ...талай адамды көрдім..оған не айтасың", "Дұрыс айтасыз,ол өз еркің,оқы,оқыма,ешкім ешкімді мәжбүрлейді,өйткені дінге әркімнің көзқарасы әртүрлі,ауыз бекіткен жеріне бұлданып,кереметімсіп,діндарымсып,жүретіндер көп,ар жағында,тірліктері сол имандылыққа лайық па,онымен санасып жатқан жоқ,оны да дәреже көріп,бекітетіндер бар, намаз оқиды, қиянаты шаш етектен адамдар бар,сонымен Алланың алдында таза боламыз дей ме,күлкілі, Алладан қорқып,не елге көз қылып оқудың керегі жоқ,өз бойыңды таза ұста,болды", деп жазды көпшілік.