$ 502.57  591.68  6.42

«ЭКО жасатамыз»: Динара Сәтжан тағы да балалы болғысы келетінін айтты (ВИДЕО)

Ол жары Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқаны және алға қойған мақсаттары жайлы айтты. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Мамский әңгіме подкастында қонақта болып, сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол жары Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқаны және алға қойған мақсаттары жайлы айтты. 

"Мен балалы болып, бала туғым келеді. Мен ЭКОны да жоспарлап жүрмін. Менің жасымда ғылымға сенген дұрыс секілді. Себебі, ғылым бір орында тұрмайды. Эмбрионды жан-жақты зерттейді. Ешқашан бұл туралы ойлаймын деп ойламаппын. Дегенмен Құдайдың өз жоспары бар. Мен әлі жұмыртқа жасушаларымды қатырған жоқпын Өзімдікі жақсы. Өзімде саны аз емес екен", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары