"Ұятсызға теңегендеріңіз де баршылық".
Әнші Индира Расылхан өзінің желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Индира Расылхан журналист Аман Тасығанға берген сұхбаты туралы ойын айтты.
«Бұл өмірде қосыла алмайтын адамыңа хат жаз десе, соңғы сөйлемде не жазар едің? 3-4 күннен бері дайрект жарылып жатыр. Біріңіз қолдасаңыздар, біріңіз жақсы көретіндеріңізді айтып жатсыздар. Ұятсызға теңегендеріңіз де баршылық. Ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін. Менің де қателігім болды. Мен оны мойындау арқылы өзіме жеңілдік таптым. Жандүнием тынышталды. Кешелі бері опростарыма белсене жауап беріп, жандүниесі алай дүлей болған ханымдардың көптігін айта алмаймын енді. Ажырасып кетіп қиналғандардан көрі, бірге тұрып, өтірік өмір сүріп жүргендер қаншама…
Отбасын сақтауда эксперт емес шығармын, бірақ, жандүние тыныштығын сақтау барысында точно айтарым көп. Қыздар! Ажыраспай жанында жүріп-ақ бақытты болуға болады. Оған біраз еңбектену керек. Оны кейінірек айтармын… Әзірге хаттың соңын қандай сөзбен аяқтар едіңіз, соны жазыңыз», — деп жазды ол.