31.12.2025, 20:30

Бибігүл Төлегенова қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Дастархандарыңыз мол болсын!

Қазақтың бұлбұлы атанған әйгілі әнші Бибігүл Төлегенова қазақ елін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақ тілегін жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аңыз әнші елімізге тыныштық тілеп, көптің сүйіспеншілігіне бөленді. 

Қадірлі қазақстандықтар, сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, табыс, абырой, құт-береке тілеймін! Жолдарыңызға гүл бітсін! Дастархандарыңыз мол болсын! Мерекеден мерекеге жете берейік. Елімізде тыныштық болсын. Мәңгілік елімізде бақытты, қызықты, қуанышты ұзақ өмір сүрейік. Жаңа жыл құтты болсын!, деді ол.