05.01.2026, 16:40

Димаш Құдайберген Нью-Йорк төрінде жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)

Фото: dimashnews.com

Бейнеролик әр 30 минут сайын шығарылған.

31 желтоқсанға қараған түні Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы үлкен экранда Димаштың бейнеролигі көрсетілді, хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның видеосын көрсетуді Нью-Йорк пен АҚШ-тың басқа қалаларындағы жанкүйерлер ұсынған.

Бейнеролик әр 30 минут сайын шығарылған. Нәтижесінде Димаштың видеосы Таймс-скверде 44 рет көрсетілген. Әр көрсетілімнің ұзақтығы 30 секунд болған.