07.01.2026, 04:30

«Бірінші әйелін тірі өлікке айналдырған, Медеу Арынбаевқа жетпейді»: Халық Ақан Сатаевты аямай сынап тастады

Фото: Әлеуметтік желіден

Көпшілік режиссердің бірінші әйеліне қолдау білдіруде.

Танымал режиссер Ақан Сатаев пен оның екінші әйелінің арасындағы кикілжің көпшілік қызу талқысына түсуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Естеріңізде болса, белгілі режиссер Ақан Сатаевтың әйелі Назира Бақаева сұхбат беріп, бұрынғы күйеуімен ажырасуының себептерін айтқан еді. Сұхбат барысында ол күйеуі балаларына деп қалдырған үйді әлі күнге дейін бермегенін, бұл мәселе соңғы бес жыл бойы шешілмей келе жатқандығын мәлімдеген. 

Режиссер аталған сұраққа қатысты күні кеше жауап берді. Ол арадағы түсініспеушілікке не себеп болғанын түсіндіруге тырысқан. Алайда көпшілік оны сынға алып, режиссердің бірінші әйеліне қолдау білдірген.