Бұл марапат әншінің сахнаға қайта оралуын ерекше символдық мәнге ие етті.
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков бірнеше жылдық үзілістен кейін қайтадан көпшілік алдына шықты. Өнер иесі «Қызық премия – 2026» мерекелік кешінде сахнаға шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жыл сайын өтетін дәстүрлі концерт барысында Қайрат Түнтековке «Сағыныш» номинациясы бойынша арнайы мүсінше табысталды. Бұл марапат әншінің сахнаға қайта оралуын ерекше символдық мәнге ие етті.
Кеште ол тыңдарманға «У меня ноль» әнін орындап, көпшілікті таңғалдырды. Әлеуметтік желілерде кең таралған бұл туындыны әнші Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің хорының сүйемелдеуімен шырқады.
Әншінің орындауынан кейін аталмыш ән желіде қайтадан қызу талқыланып, мемге айнала бастады.