08.01.2026, 12:40

«Әкесінің көшірмесі»: Алтынай Жорабаева екінші күйеуінен туған қызын көрсетті (ФОТО)

Коллаж: Sn.kz

"Алланың сүйікті құлдарының бірі бол, балапаным". 

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында кенже қызын туған күнімен құттықтап, көпті сүйсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасы үшін ерекше күнді атап өтіп, кішкентай қызына аналық тілегін арнаған.

Әншінің айтуынша, қызы Амина Алишерқызы екі жасқа толған.

«Амина Алишерқызы — 2 жаста. Аллаға сансыз шүкір. Алланың сүйікті құлдарының бірі бол, балапаным. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, екі дүниенің де бақыты мен абыройы нәсіп болсын», — деп жазды Алтынай Жорабаева.

Желі қолданушылары жарияланған видеоны көріп, кішкентай Амиданың әкесіне қатты ұқсайтынын айтып, тілектерін жаудырды. 

«Әкесінен аумайды», «Нағыз әкесінің көшірмесі», «Жүзі жылы, тәрбиелі отбасынан екені көрініп тұр», «Өмір жасы ұзақ болсын», «Бақытты отбасы, көз тимесін» деген ізгі тілектер мен құттықтаулар көптеп жазылды.