09.01.2026, 02:30

«Ұят-ай!»: Еркебұлан Тоқтар жеке өміріне қатысты қауесетке жауап берді (ФОТО)

Коллаж: SN.kz

"Ол кісімен тек түсірілім кезінде “сәлеметсіз бе” деп амандасамын". 

Танымал актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар желіде Әсел Сағатовамен байланыстырылып жүрген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желі қолданушылары екі өнер иесін жұп ретінде қосып, түрлі болжам жасаған. Осыған байланысты Еркебұлан Тоқтар Threads желісінде үн қатты.

«Мені осы уақытқа дейін кіммен қоспады дейсіз? Бірақ Әсел Сағатовамен қосқандарыңыз тіпті шектен шықты. Ұят қой. Ол кісімен тек түсірілім кезінде “сәлеметсіз бе” деп амандасамын. Құдайдан қорықпай, өтірік әңгіме тарата береді екен», – деп жазды актер.

Оның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кейбірі актердің өзін ақтап жатқанын сынға алса, енді бірі жеке өміріне қатысты сұрақтарын жаудырды.

«Кішкентай бала сияқты ақталып отыр», «Тағы кіммен қосуға болады екен?», «Қыздармен қосып жүргендеріне шүкір деңіз», «Қазір кімменсіз?» деген пікірлер жазылды.

Желі қолданушыларының сұрағына актер жауап қайтарды. 

«Қазір жалғызбын», – деп қысқа қайырды Еркебұлан Тоқтар.