10.01.2026, 16:30

«Өнерге оралды»: Танымал әнші Айдана Меденова да хиджабын шешті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Видеода өнер иесі ән шырқап, өлең оқып отырғаны байқалады.

Танымал әнші, «КешYOU» тобының экс-вокалисі Айдана Меденова әлеуметтік желіде жариялаған жаңа бейнежазбасымен көпшіліктің назарын аударды деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Видеода өнер иесі ән шырқап, өлең оқып отырғаны байқалады. Бұл жайт оның өнерге қайта оралғанын аңғартты.Алайда желі қолданушылары үшін ең күтпеген сәт Айдана Меденованың хиджабсыз көрінуі болды. Осыған байланысты пікірлер екіге жарылды. Дегенмен, оқырмандардың басым бөлігі әншіні сынға алудан гөрі қолдау білдіріп жатыр.

Көпшілік пікірінде:

«Иман тек орамалмен өлшенбейді», «Өнерге оралғаны қуантады», «Өте сұлу» деген жылы лебіздер жиі жазылуда. Айдананың бұл қадамы желіде қызу талқыланып, қоғам назарын өзіне аударды.

Алайда Айдана Меденова хиджабын шешу себебіне қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.