$ 509.94  593.88  6.43

«Өміріміз бұрынғыдай болмайды»: Мұрат Бисембиннің қызы жазба жариялап, елді жылатты

Ол қолдау білдіріп, көңіл айтқан барша жандарға алғысын білдіріп, жылы сөздердің жанын жылытқанын атап өтті. 

Фото: jemappelledali/ instagram
Фото: jemappelledali/ instagram

Ауыр сырқаттан кейін өмірден өткен актер Мұрат Бисембиннің қызы әлеуметтік желіде әкесін жоқтап, жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол қолдау білдіріп, көңіл айтқан барша жандарға алғысын білдіріп, жылы сөздердің жанын жылытқанын атап өтті. Сондай-ақ, әрқайсысына жеке жауап беруге мүмкіндігі жоқ екенін айтып, қоштасу рәсімінің күтпеген жерден өте тез өткенін жеткізді.

«Енді біздің өміріміз ешқашан бұрынғыдай болмайды. Біз өміріміздегі ең қымбат жаннан — әкемізден, сүйікті жардан, отбасымыздың тірегінен айырылдық. Бұл қайғыдан толық айығу мүмкін емес, бірақ сонымен өмір сүруді үйренуге тырысамын», —  деп жазды ол.

Еске салайық, отандық «Рэкетир» фильміндегі рөлімен кеңінен танылған актер Мұрат Бисембин 53 жасында ауыр сырқаттан қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары