Әртіс өнер көрсетер алдында блогер шапанын дайындап, оны жұлдызға сыйламақшы болады.
Қазақстандық саяхатшы, блогер Дастан Мұхамедрахым америкалық актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын кигізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желілерде @bydastann деген атпен танымал блогер киножұлдызбен Дубайдағы іс-шарада кездескен. Дастан Instagram ұйымдастырған, әлемге әйгілі блогерлер мен қоғам қайраткерлерінің басын қосқан іс-шараға шақырылды. Дәл сол жерде оған бір келеді, сөйтіп күтпеген жерден актерге шапан сыйлады.
Әртіс өнер көрсетер алдында блогер шапанын дайындап, оны жұлдызға сыйламақшы болады. Ол Уилл Смит сахнаға шығар алдында Instagram-дағы Stories бөлімінде оқырмандарына жоспарын айтты.
- Уилл Смит қазір бес минуттан кейін шығады. Мен алдыңғы қатарға отырып, шапанды дайындап отырмын және оны оған кигізуге тырысамын. Мен үшін дұға етіңіздер, - деді Дастан іс-шара алдында.
Актер өнер көрсеткеннен кейін блогер сахнаға шығып, Уилл Смиттің үстіне шапан жауып үлгерген. Ол іс-шара өткен соң пікір білдірді.
- Ол біздің шапанымызды киіп жүр, - деді Дастан.
Оның айтуынша, бәрі күтпеген жерден және өте тез болған.
- Елестетіп көріңізші. Мен Уилл Смитке мүлдем күтпеген жерден шапан жаптым. Басқа ешкімнің онымен суретке түсуге уақыты болмады, тек мен ғана уақыт таптым, - деп бөлісті блогер Instagram-дағы Stories-те.