$ 509.75  594.67  6.46

«Қазақ тілін бүкіл әлем естуі керек»: әнші YENLIK-тің тіл жаңашырлығымен тәнті етті

Ол әйгілі халықаралық “COLOURS” музыкалық жобасына қатысып, жоба тарихындағы алғашқы қазақстандық артист атанды.

Фото: designer.kz
Фото: designer.kz

Әнші, рэпер YENLIK (Еңлік) “Zamandas” подкастына берген сұхбаты желіде тарады. Подкаст барысында ол қазақ тілінің ерекшелігіне тоқталып, оның әуезділігі мен икемділігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Қазақ тілін бүкіл әлем естуі керек. Біздің тіліміз өте әдемі, құлаққа жағымды естіледі, өте икемді», – деген Еңліктің сөзі желі қолданушылары арасында кеңінен таралып, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Араға көп уақыт салмай, YENLIK тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол әйгілі халықаралық “COLOURS” музыкалық жобасына қатысып, жоба тарихындағы алғашқы қазақстандық артист атанды. Бұған дейін бұл жоба Голливуд пен әлемдік музыка индустриясындағы ең танымал орындаушыларды қабылдап келген.

Ең бастысы YENLIK “COLOURS” алаңында қазақ тілінде ән орындаған тұңғыш қазақстандық ретінде тарихқа енді. Бұл оқиға қазақ тілінің халықаралық деңгейде танылуына жасалған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Желі қолданушылары мен музыка сүйер қауым бұл жаңалықты үлкен мақтанышпен қабылдап, Еңліктің шығармашылығына қолдау білдіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары