Оның сөзінше, Омар Жәлел балаларға қараймын деп уәде бергенімен, соңғы бір жыл бойы мүлде хабарласпаған.
Абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі, психолог әрі аудармашы Ләззат Мырзаш «Әңгіме бар» подкастына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты бұрын көпшілікке беймәлім болған мәліметтерді ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, Омар Жәлел балаларға қараймын деп уәде бергенімен, соңғы бір жыл бойы мүлде хабарласпаған. Сонымен қатар, өзін әлеуметтік желілерде бұғаттап тастағанын да жасырмады. Ләззат Мырзаш күйеуінің ортақ ұлы Тоныкөкті сүндетке отырғызу рәсіміне де келмегенін айтты. Айтуынша, Омар Жәлел Ыстамбұлда некеге тұруға ұсыныс жасап, оны сол жаққа көшіріп алған.
Алайда бірінші әйелі «үйленгендеріңді ешкімге айтпайсыңдар, ата-анаңа да жария етпейсіңдер» деген шарт қойған. Соған қарамастан, Омар Жәлел үшінші әйелін ата-анасы мен туыстарына таныстырған. Сұхбат барысында Ләззат Мырзаш бірінші әйелдің өзіне күндес болғанын, тіпті Астанадан Ыстамбұлға кетуін талап еткенін айтты. Сонымен қатар, тұңғыш қызы Елбілге дүниеге келгенде баланы бәйбішеге беруді талап еткенін де ашық жеткізді. Алайда бұл ұсыныспен келіспеген.
Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омар Жәлел үшінші әйелін Ақтаудан көшіріп әкелген. Ол екі баласы бар тігінші келіншек болған. Кейін бәйбіше қуып жіберген соң, Омар Жәлел Ләззат Мырзашты Түркияға апарып тастаған. Сол жерде ол Санжар Керімбайдың отбасымен көрші тұрған. Келіншек сол кезеңде Санжар Керімбайдың жұбайы Айман ханымның үлкен қолдау көрсеткенін атап өтті. Ковид пандемиясы кезінде Омар Жәлел Ыстамбұлда қалып, ерлі-зайыптылардың екінші сәбиі өмірге келген. Сол уақытта Омар Жәлел «енді әйел алмаймын» деп уәде берген. Осы уәдеден кейін Ләззат Мырзаш оны кешіріп, қайта табысқанын айтады.
Алайда көп ұзамай Омар Жәлел төртінші әйел алған. Оның айтуынша, бұл әйел бәйбішенің құрбысы әрі емшілікпен айналысатын адам болған.
Ләззат Мырзаш сол сәттегі күйеуінің сөзін де келтірді: «Омар маған «Маған секс керегі жоқ, маған ұрпақ керек» деп айтты», – деді ол.