Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сол кезеңге тиесілі бірқатар естелік суреттерін жариялады.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова өмірден өткен жары Заманбек Нұрқаділовпен бірге өткізген алғашқы отбасылық жылдарынан сыр шертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сол кезеңге тиесілі бірқатар естелік суреттерін жариялады. Кадрлардан олардың жастық шағындағы бақытты сәттері мен бір-біріне деген ілтипаты айқын аңғарылады.
Желі қолданушылары да бұл суреттерді жылы қабылдап, жұптың жарасымдылығын ерекше атап өтті. Көпшілік пікірінде:
«Заманбек ағаның Мақпал апамызға шын ғашық болғаны көрініп тұр», «Мақпал апа жас кезінде өте нәзік, сұлу болған», «Заманбек Нұрқаділов өнерді жүрегімен түсінетін, елге жаны ашыған парасатты тұлға еді», «Екеуі де бір-біріне лайық, әдемі жұп болған» деген жылы лебіздер жиі жазылуда.
Айта кетейік, көпшілік марқұм Заманбек Нұрқаділовтің рухына құрмет білдіріп, Мақпал Жүнісоваға ізгі тілектерін де жолдауда.