$ 512.16  594.72  6.57

«Мөлдірдің тәрбиесі»: Тұрсынбектің тұңғыш қызының анасына құрметі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Видеода Әдемі анасын құшақтап, бірге камераға түседі.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен продюсер Мөлдір Мұқанованың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Instagram желісінде жариялаған бейнежазбасымен көпшіліктің ықыласына бөленді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеода Әдемі анасын құшақтап, бірге камераға түседі. Қарапайым, бірақ шынайы сәттерге толы бейнежазба көптің көңілінен шықты. Жазбаның астына ол «Мама» деп жүрекше белгісімен қысқа да әсерлі жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бұл көріністі ерекше ықыласпен қабылдап, пікірлерін аямады. Көпшілік:

-«Ананың орны бөлек», «Мамасына қатты ұқсайды, өте әдемі қыз», «Мөлдір, балаларыңызды керемет тәрбиелепсіз»,- деген жылы лебіздерін білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары