$ 512.16  594.72  6.57

«36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін»: Актер Рамазан Амантай күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Қалай жинап алғанымды өзім де білмеймін".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал актер, ақын Рамазан Амантай желідегі парақшасында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол денсаулығына байланысты дабыл қағып, шүғыл түрде арықтайтынын айтты.

"Егер дәл қазіргі сәттен бастап өмірімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Шегінерге мүлдем жол жоқ . Сіздерге уәде берейін, бермейін, оның ешқандай маңызы жоқ. Алдында бастап едің, тағы тастап кетесің деп айтсаңыздар да өз еркілеріңізде. Менде басқа амал жоқ. Дәрігерлерге тексерілдім, чекап өттім, аппаратқа тексерілдім. Нәтижесін көрген кезде егер дәл бүгінгі сәттен өз-өзімді қолға алмасам денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жарайды екен. Әрине, бәрі бір Аллаға аян. Өмірді беретін Алла. Бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық-Құдайдың аманаты. Сол үшін нар тәуекел! Өз-өздеріңізге қарап жүріңіздерші. Қалай жинап алғанымды өзім де білмеймін. Жинау оңай, бірақ тастау өте қиын. Жайылмаңыздар", - деді өнер иесі.

Рамазанның жаттықтырушысының сөзінше Рамазанның денсаулығының жағдайы өте алаңдатарлық. Кез келген жағдайда инфаркт, инсульт алу қаупі бар.

Денедегі майлар барлық органдарға қысым түсіріп жатыр.

Қазіргі салмағы 161 келі. 70 келіге жуық артық салмағы бар.

Оқырмандар өнер иесінің бұл жаңалығына қуанып, жаппай сәттілік тілеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары