17.01.2026, 15:30

«Келін - қызың емес»: Роза Рымбаева өз келінін қалай ұстайтынын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Қазақта өкініштісі келінді құл сияқты ұстайды". 

Әнші Жазира Байрбекова халық әртісі Роза Рымбаевадан келінге қалай қарау керектігі жөнінде кеңес сұрады. Бұл сұраққа Роза Рымбаева өз көзқарасын ашық айтып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, қазақ қоғамында келінге қатысты өкінішті түсініктер әлі де кездеседі.

«Қазақта өкініштісі келінді құл сияқты ұстап, өкпемен сөйлейтін енелер бар. Бірақ менің түсінігімде келін қызын емес, мен кеткеннен кейін орнымды басатын адам. Ошақтың анасы болатын жан», — деді Роза Рымбаева.

Ол адамның бұл өмірде мәңгі еместігін атап өтіп, отбасының болашағы келіннің қолында екенін айтты.

«Мен 100–200 жыл өмір сүрмеймін ғой. Мен кеткенде орнымды осы келінім басады. Сондықтан келінге ақылмен, сабырмен қарап, білгеніңді үйреткен дұрыс», — деп түйіндеді халық әртісі.