17.01.2026, 17:30

«Әділ жазасын алсын»: Шымкентте Нұрайды өлтірген күдікті блогердің туысы болып шықты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Бұл – өте зұлымдықпен жасалған қылмыс". 

Шымкентте қаза тапқан 21 жасты өлтірген қылмыскердің туыстары Блогер Камила Әділхан мен Мағжан Аймахан мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күдікті Шерхан Аймахан блогердің туысқан інісі болып шыққан. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде лезде тарап, қоғамдық резинанс тудырған.

«Ең бірінші Нұрайдың ата анасына туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала жүректеріңізге тыныштық берсін, Алла тағала қазіргі жағдайларыңызды мейірімімен жеңілдетсін ! Бұл жағдай кез келген Ата-ана үшін орны толмас қайғы шын жүректен көңіл айтамыз», - деді олар.

Сондай-ақ туысы екендігін ашық түрде мойындады.

«2 ші ден Барлықтарыңыздың қойып жатқан сұрақтарыңыз: Аймахан Шерханның сендерге қандай қатысы бар ? Ия Шерхан Мағжанның әкесінің (Атаның) інісінің баласы ! Біздің туысымыз ! Және ешкім баласын Қатыгез, зұлым болсын деп қаламайды , ойына кіріп те шықпайды сол үшін бұл жағдай өзімізге де өте ауыр тиіп жатыр , Және ешкім қызын аяқ асты Біреудің қолынан өліп кеткенінде қаламайды 2 жақтыңда Ата-анасына өте ауыр жағдай ! Бұл 2 тараптыңда қазіргі жағдайын ешкімге , адам баласына тілемейміз , Алла сақтасын осындай жағдайдан !», - деді Мағжан Аймахан.

Блогерлердің сөзінше олар қанша жерден туысы болса да, інілерінің бұл әрекетін еш қолдамайды.

«Сот және ондағы жаза бойынша бізде бәрінің әділ өткенін қалаймыз! Қанша Туысымыз болса да бұл ҮЛКЕН ҚЫЛМЫС , және жазасы берілу керек ! Бірақ үлкен өкінішке қарай Қанша жылға сотталып кетсе де , қанша көңіл айтсақта Нұрайдың орны толмайды сол себепті шын жүректен Дұға етеміз жеңілдігін берсін деп және Ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз, Әулеттің үлкендері де барып Көңіл айтып құран бағыштап қайтты. Алла тағала Нұрайдың жанын жәннаттық етсін. Блогермен туыс болса, бірдеңе қылып шешіліп кетеді деген ақпарат тарап кеткен. Керісінше, халықтың алдында жүрген адам ретінде, қанша туысымыз болса да, бұл жағдайда әділ жаза және соттың әділ шешімі шыққанын қалаймыз. Бұл жағдайды ақтап алуға ойымызда да жоқ. Бұл – өте зұлымдықпен жасалған қылмыс», - деп нүстесін қойды.

Желі қолданушылары Камила мен Мағжанды қолдап, түрлі пікірлерін білдіріп жатыр.

"30 жасар жігіт, жас бала емес ақымақ болды дейтін,өз жасаған ісіне өзі жауап береді.Оған ешкім кіналі емес", "Сіздерде кінә жоқ қой", "Ешкім өз баласын біреу өлтірсін деп өсірмейді, ешкім баласын біреуді өлтірсін деп тәрбие бермейді. Бала бер, бала берсең сана бер сана бермесең ала бер деген осы шығар", - деп жазды оқырмандар.