$ 512.16  594.72  6.57

«Нәзіктікті сақтайтын, қорғайтын жандарыңыз болсын»: Бадықова әйелдерге үндеу жасады

Танымал актриса және продюсер Instagram парақшасында өміріндегі қорған болар адамның маңызы туралы жазды.

Фото: instagram.com/dariga_badykova
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Демалысын Мальдив аралдарында өткізіп келген Дариға Бадықованың желідегі жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Танымал актриса және продюсер Instagram парақшасында өміріндегі қорған болар адамның маңызы туралы жазды.

«Бұл ел, ерекшелігімен есте қалды. Шексіздікті сезу. Аспанның көк түсін байқадым, судың мөлдірін көрдім. Көп нәрсе сұрадым. Менің кейінгі кезде көп сұрайтыным, күш-қуат және қорғаныс! Қорған жоқ болса, тұңғиыққа кетіп қаламын. Әйел затына тіледім, әйелдік нәзіктікті сақтап қалатын, қорғайтын жандарыңыз болсын», — деп бөлісті актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары