$ 512.16  594.72  6.57

«Күні кеше сияқты еді...»: Қарақат Әбілдина сүйінші жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

"Уақыт қалай өткенін байқамай да қалыппыз". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Қарақат Әбілдина сахнада жүргеніне 25 жыл толуына орай есеп беру концертін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, өткен жылдарға ой жүгіртті.

«Арман-ай…
Бірге жүрдік бірталай,
Сол күндерім – жыр талай…

Қайран жиырма бес… Күні кеше ғана сияқты еді. Міне, биыл сахнада жүргенімізге де 25 жыл толыпты. Уақыт қалай өткенін байқамай да қалыппыз», – деп жазды әнші.

Қарақат Әбілдинаның айтуынша, өзі өнерге бір кезеңде келген әріптестерінің барлығы бүгінде сахнадан өз орындарын тапқан.

«Біз өнерге бір лек болып келдік. Қай әншілер екенін айтпасам да түсінген боларсыздар. Сол әріптестерімнің әрқайсысымен мақтанамын», – дейді ол.

Әншінің сөзінше, жылдар өте көп нәрсе өзгергенімен, сахнаға және тыңдарманға деген сезім сол қалпы сақталған.

«Сахнаға деген махаббат өзгермеді. Тыңдарманмен арадағы сүйіспеншілік те бұрынғыдай», – деп атап өтті өнер иесі.

Сондай-ақ Қарақат Әбілдина биыл бірқатар әріптестерінің де сахнадағы 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырғанын айтып, алғашқылардың бірі болып бұл белесті «Музарт» тобы бастағалы отырғанын жеткізді.

«Алла қаласа, алдағы көктемде мен де халқыма есеп беріп, сахнадағы жиырма бес жылымды атап өтсем деп ойлаймын», – деді әнші.

Өнер иесі осы жылдар ішінде 100-ден аса ән жазылғанын, алайда олардың барлығын бір кешке сыйғызу мүмкін емес екенін де жасырмады. Осыған байланысты ол тыңдармандарынан кеңес сұрады.

«Концертімде қай әндерімді орындағанымды қалар едіңіздер? Пікірлеріңізді комментарийге жазсаңыздар, міндетті түрде ескереміз», – деп түйіндеді Қарақат Әбілдина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары