19.01.2026, 13:00

«Дәл осы күні емес шығар енді»: Жүгінісов шоқыну күні суға түсем деп сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Өзі мұсылман бола тұра неліктен бұл әрекетке барғанын түсінбеген жұрт түрлі пікір қалдырды. 

Танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің желідегі оғаш әрекеті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол христиандардың аяздағы шоқыну күні мұзды суға түскен.

Өзі мұсылман бола тұра неліктен бұл әрекетке барғанын түсінбеген жұрт түрлі пікір қалдырды. 

"Негізі исламда жоқ қой суға шомылу қыста", "Дәл осы күні емес шығар енді", "Жаңа жылда шырша арам деп алып, крещениеде суға түскен қалай кетті", "Мұндай сүннетті қайдан көрдің?", "Еліктеу дұрыс емес", "Бисмиллясы несі. Мыналарға не болған", "Мыналар өзі қай дінде жургендерін біле ме?", "Шоқынып кеткен бе?", - деп жазды оқырмандар.