"Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары".
Қазақ өнерінің абызы, белгілі актер, марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова ұлы Асанәліні кәмелет жасына толуымен құттықтап, аналық ақ тілегін арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының 18 жасқа толғанын атап өтіп, марқұм әкесін еске алды.
“Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас – кәмелетке толды. Балапаным, өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол, балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын… Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын”, – деп жазды Бағдат Әшімова.
Желі қолданушылары жас жігітке ақжарма тілектерін жаудырып, марқұм актердің рухына құрмет білдірді.