$ 512.16  594.72  6.57

«Алау басты рөлде»: Қайрат Нұртастың қызы алғаш рет үлкен киноға түспек (ФОТО)

"Осы көктемде үлкен экранға шығады". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Алауға қатысты сүйінші жаңалығымен бөлісті, хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алау алғаш рет кинодағы басты рөлге түскелі жатыр. Қазақстандағы кәсіби актерлермен бірге ойнауға шақырту алған.

"Алау болашақ арманына аз-аздап әрекет жасап жүргенін білесіздер. Енді үлкен картинаға шақырту алды. Бұл таптырмас тәжірбие болады деп қараймын. Алауды әуежайға шығарып салуға бара жатырмын. Алматыға үшады бұйырса. Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров сынды кәсіби актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірінде. Осы көктемде үлкен экранға шығады", - деді актриса.

Алау да өз кезегінде уайымын жасырмады.

"Қолдауыңызға рахмет, мама. Енді мен кішкене уайымдап жүрмін. Бұл менің алғашқы үлкен жобам. Қобалжып жатырмын", - деді ол.

Жұлдыз ана ретінде қызына әрқашан қолдау білдіретінін айтты.

"Мен де ана болғандықтан тақымымды қызым үшін қысып отырамын. Бағыт-бағдар беріп отырамын. Балаларымның барлық бастамасын қолдауға дайын тұрамын. Көрсін, білсін, ойлансын деген ниетте", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары