$ 512.16  594.72  6.57

«Не болып жатқанын білмейсіздер»: Айдана Меденова өзіне тағылған сындарға жауап берді (ВИДЕО)

"Асығыс шешімдер шығарудан аулақ болайық дегім келеді". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Айдана Меденова өнердегі үзілістен кейін әншілік жолға қайта оралғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеп, әлеуметтік желідегі хейтерлердің сынына да жауап берді.

Әншінің айтуынша, көпшілік камера сыртында не болып жатқанын толық біле бермейді.

«Камера сыртында не болып жатқанын білмейсіздер. Толық картинаны көре алмайсыздар. Күйеуім қатты қолдау жасайды. Ол кісімен бәрін бірге шешеміз. Бұл өзгерісті жаңалық ретінде қараған жоқпын», – деді Айдана Меденова.

Сондай-ақ өнер иесі шығармашылық жолындағы ұзақ үзіліс жайлы да сөз қозғады.

«Осы жылдары мен ешқандай әншілерді тыңдаған жоқпын. Жалпы музыкаға қатты жақын болған жоқпын. Демалыс болды. Бұл – менің жолым, бүгін осылай болып тұр. Сондықтан асығыс шешімдер шығарудан аулақ болайық дегім келеді», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары