20.01.2026, 15:40

«Бұрынғы кезі жақсы еді»: Әнші Сиви Махмуди сахнаға қайта оралды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Сабинаны жолда қалдыратын адам табылды-ау». 

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен танымал әнші, көпшілікке жақсы таныс Сиви Махмуди өнерге қайта оралды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші тыңдармандарына «Басқаларға қарама» атты жаңа әнін ұсынып, желіде қызу талқыға түсті. 

Сивидің бұл шығармасы оның өнерге қайта келуінің белгісі ретінде қабылданып, бірқатар тыңдарманынан қолдау тапты. Әншінің жанкүйерлері оның дауысын, өзіндік стилін сағынып қалғанын жасырмай, жылы пікірлер қалдырды.

Алайда желі қолданушыларының пікірі біркелкі болмады. Бірі Сивидің сахнаға қайта оралуын құптаса, енді бірі оны сын тезіне алды. Кейбір пікірлерде эстрададағы өзге әншілермен салыстыру да байқалды.

Оқырмандар арасында:

«Сиви Махмуди – талантты әнші, дауысы бар», «Сахна бәріне жетеді, бөлек-бөлек өнер көрсін», «Қазір әнші тым көп болып кеткен сияқты», «Жасы келген соң сахнаға шығудың өзі ойландырады», «Ұзақ үзілістен кейін оралған соң, тың дүние күттік», «Сабинаны жолда қалдыратын адам табылды-ау» деген сарындағы ойлар айтылды.

Қалай болғанда да, Сиви Махмудидің қайта сахнаға шығуы қалың жұрттың назарын өзіне аударды. Жаңа ән тыңдарманның көңілінен толық шыға ма, әлде сынның астында қала ма  оны уақыт көрсетеді.