22.01.2026, 11:40

«10 жыл күткен бақыт»: Блогер Елдос Колобок тұнғыш ұлына ұланасыр той жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Аллаға шүкір осы күнге жеттік!"

Блогерлер отбасы Елдос Кәдірханов пен Таңшолпан Шотаева баласының бесік тойын жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл жайында блогер әлеуметтік желіде жазған. Сондай-ақ баласына арнап ән салған видеосын жариялады.

"Осы сәтті он жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет! Бізден бақытты адам жоқ!", - деп жазды блогер.

Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.

"Аман-есен үлкен азамат болып өсе берсін", "Құтты болсын! Дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын! Ақылды азамат болып өсе бергей", "Халықтың баласын абайлап ұстаңдар" деп жазды оқырман қауым.