$ 503.35  590.63  6.62

«Мен туралы небір әңгіме айтты»: Айдана Меденова KeshYOU-дан неге кеткенін ашық айтты (ВИДЕО)

Әнші KeshYOU-дан кеткісі келмегенін де жасырмады. Оның сөзінше, топтағы үштікті шын жүректен жақсы көрген.

Танымал әнші Айдана Меденова KeshYOU тобынан кетуінің шынайы себебін айтты. Ол бұл туралы Аман Тасығанның “TALKLIKE” жобасына берген сұхбатында өміріндегі әртүрлі кезеңдерге тоқталып, көптен бері көпшілікті қызықтырған сұраққа нақты жауап берді деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Айдананың айтуынша, топтан кеткен кезеңде ол туралы түрлі алыпқашпа әңгімелер тараған. Көпшілік оны келісімшартты мерзімінен бұрын бұзып кетті деп айыптағанымен, әнші бұл пікірлерге сол кезде жауап бермегенін айтты.

«Сол уақытта адамдар мен туралы небір әңгіме айтты. Контракттың соңына дейін жетпей кетіп қалды деді. Бірақ мен ол кезде үндемедім. Сол себепті продюсерлермен арада аздаған реніштер болды», – дейді ол.

Әнші KeshYOU-дан кеткісі келмегенін де жасырмады. Оның сөзінше, топтағы үштікті шын жүректен жақсы көрген.

«Мен KeshYOU-дан кеткім келмеді. Ол трионы қатты жақсы көретінмін. Контракт аяқталған соң тағы бір жыл бірге жұмыс істедік», – деп еске алды Айдана.

Алайда уақыт өте келе ол жеке шығармашылық жолын таңдауға бел буған. Сол сәтте продюсер Баян Мақсатқызының айтқан сөзі әнші үшін үлкен мотивация болғанын жеткізді.

«Баян Мақсатқызы маған: “Айдана, сен менің шәкірттерімнің ішінде өзіне ең көп сіңіргендерінің бірісің. Теорияны ғана емес, практикада да қолдана аласың” деді. Бұл сөздер мені қатты қуантты. Өйткені Баян Мақсатқызы – мен үшін өнер саласындағы үлкен авторитет. Ол менің продюсерім ғана емес, ұстазым әрі досым болды», – деді Айдана Меденова.

Айдананың айтуынша, топтан кету туралы шешімге бірнеше жеке себеп әсер еткен. Осы мәселеге байланысты ол продюсер Баян Мақсатқызымен ашық сөйлескенін де жасырмады.

«Кетуіме бірнеше себеп болды, негізінен жеке себептер. Баян Мақсатқызымен отырып сөйлестік. Ол да бәрін түсініп, “жарайды, жіберемін, кете бер” деді», – дейді әнші.

Сонымен қатар Айдана өткен жағдайларды қайта қазбалай бергісі келмейтінін де атап өтті.

«Ол себептердің бәрі қазір мен үшін маңызды емес. Ұмытылды, өтті, кетіп қалды. Қайта айтып, қозғағым келмейді», – деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0