$ 503.35  590.63  6.62

«Байқаңдар»: Ерке Есмахан мінезі қиын ене болатынын айтты

Фото: instagram.com/erkeesma
Фото: instagram.com/erkeesma

Қазіргі таңда Мальдив аралдарында отбасымен демалып жүрген танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ұлы Исламмен бірге түскен видеосын жариялады. Жылы әрі көңілді сәттерге толы бейнежазба желі қолданушыларының назарын бірден аударды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеоны көрген оқырмандардың бірі пікір қалдырып, әзіл-шыны аралас: «Исламға ғашықпын» деп жазған. Бұл пікір әншінің назарынан тыс қалмады.

Ерке Есмахан оқырманның жазбасына қалжыңмен жауап беріп, болашақтағы ене ретіндегі мінезін де ишаралап өтті.

«Мен ред флагтау ене болатын сияқтымын, байқаңдар » — деп әзілдеді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0