$ 503.35  590.63  6.62

«Әкесінен аумай қалған»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жазба жариялады

Ғұмырлы бол, балам!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғыш ұлы Сағадаттың туған күніне арналған жүрекжарды жазбасын жариялады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Айтуынша, бүгінде ана атанғанына тура 19 жыл толып отыр.

«Бүгін ең қымбат статусқа ие болғаныма 19 жыл толды. Тұңғыш рет ана атанған күнім», – деп еске алды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы сол күні өмірге келген кішкентай сәбиінің бүгінде 19 жасқа толғанын атап өтіп, ұлының әкесіне қатты ұқсайтынын жасырмады. Оның айтуынша, Сағадат әкесінен түрі мен мінезін ғана емес, сөйлеу мәнерін де айнытпай алған.

«Ал сол күнгі кішкентай сәбиім – Сағадат батыр бүгін 19 жаста. Әкесінен аумай қалған: түрі де, мінезі де, сөйлеген сөзі де – бәрі-бәрі», – деп жазды тележүргізуші.

Сөз соңында ол ұлына ақжарма тілегін арнап, әрдайым қасында екенін жеткізді.

«Саға балам, денің сау болсын! Інің, екеуміз сені әрқашан қолдаймыз. Ғұмырлы бол, балам!» – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0