"Табиғи шашым осындай, мінезді".
Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желісінде жаңа суреттерін жариялап, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші жазбасында:
«Сіздер білетін Еркені емес, Райм сүйетін Еркені көрсеткім келді. Күйеуімнің камерасы да, өзі де менің бұйра-бұйра шаштарыма ғашық екенін осы суреттерден байқауға болады. Табиғи шашым осындай, мінезді», — деді.
Желі қолданушылары әншінің табиғи образы мен ерекше стиліне тәнті болып, жылы пікірлер қалдырды:
«Раймның әні бұйра деген қою керек еді», «Көзі махаббатқа толы екен», «Мына сұлуғыңызды ертең жаңалық қылып жібереді» деп жазды желі қолданушылары.