26.01.2026, 15:40

«Ақша жасау керек десей» : Кәмшат Жолдыбаева әйелдерге арналған курс ашатынынын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Ішкі және сыртқы сұлулықты ашуға бағытталған әңгімелер мен пайдалы практикалар өткізгім келеді". 

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, нәзік жандыларға арналған ерекше форматтағы кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, оқырмандары арасынан белгілі бір топты іріктеп алып, бір ай көлемінде кеңестер беріп, өмірлік тәжірибесімен бөліспек.

«Әйелдер қауымына арнап, ішкі және сыртқы сұлулықты ашуға бағытталған әңгімелер мен пайдалы практикалар өткізгім келеді», — дейді әнші.

Алайда бұл бастама желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі күмәнмен қараған.

Пікір қалдырушылар арасында «өзі де не істеп жүргенін білмейтін сияқты», «әркім өз таңдауын жасайды», «бәрі ақша үшін» және «бағасы қымбат болса, қарапайым адамдарға қолжетімсіз болады» деген жазбалар да кездеседі.