26.01.2026, 16:40

«Бәрін біліп тұр»: Роза Рымбаеваның немересі ақылымен көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/rozarymbayeva

Атына заты сай бала.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үш жасар немересі Зейннің ерекше зеректігі желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүлдіршіннің анасы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде ұлы қатысқан бейнежазбамен бөліскен. Видеода анасы әртүрлі мемлекеттердің жалаулары мен нышандарын көрсеткенде, Зейн оларды бірден танып, дұрыс атап береді.

Әсіресе, кішкентай баланың Қазақстан туын қайта-қайта көрсетіп, мақтанышпен «Қазақстан!» деп айтуы көпшілікті тәнті етті.

Желі қолданушылары Зейннің географияға деген қызығушылығы мен есте сақтау қабілетінің жоғары екенін атап өтіп, оның туған еліне деген сүйіспеншілігі анық сезілетінін жазуда.