27.01.2026, 04:30

«Бақыттың шегі жоқ екен»: Баян Алагөзова қыздарымен елді қызықтырды (ФОТО)

Фото: @bayanmaxatkyzy

Отбасындағы жылылық пен өзара үйлесім көрермендердің ерекше ықыласын тудырды.

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі мен қыздарымен бірге шетелде өткізген сәттерін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жарияланған видеода өнер иесінің отбасымен бірге Гонконг қаласында кешкі серуенге шыққаны байқалады. Кадрларда Баян жұбайымен бірге балалар арбасын итеріп, түнгі мегаполистің көркін тамашалап, жайлы әрі тыныш атмосферада серуендеп жүр.

Отбасындағы жылылық пен өзара үйлесім көрермендердің ерекше ықыласын тудырды. Бейнежазбаға продюсер «Гонконг» деп қысқаша ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бұл жазбаны қызу талқылап, Баян Алагөзованың отбасылық бақытына тәнті болғандарын жасырмады. Оқырмандар пікірлерінде жылы лебіздерін білдіріп, отбасының берекесі мен балалардың бақытты кейпін атап өтті.

«Керемет көрініс», «Өте жарасымды, үлгілі отбасы», «Бақыттың шегі жоқ екен», – деп жазды желі қолданушылары.