Бір-біріңізді танып алыңыздар.
Тележурналист Дина Төлепберген жас қыздарға тұрмысқа шығуға асықпауға кеңес берді. Ол бұл туралы сұхбаттарының бірінде айтып, екі жастың отбасын құрмас бұрын бір-бірін жақсы танып алуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналистің айтуынша, болашақ жарды таңдауда сезімге ғана емес, өзара түсіністікке, мінез бен көзқарастың үйлесіміне мән берген жөн.
«Тұрмысқа шықпас бұрын көп сүйіспеңіздер, көп сөйлесіңіздер. Бір-біріңізді танып алыңыздар. Себебі отбасы – үлкен жауапкершілік», – деді ол.
Дина Төлепберген жастардың қарым-қатынасы тек романтикалық кезеңмен шектелмей, ортақ мақсат пен өмірге деген ұстанымға негізделуі керегін де тілге тиек етті. Оның пікірінше, ашық әңгіме мен бір-бірін тыңдай білу – берік отбасының басты кепілі.
Желі қолданушылары журналистің бұл пікірімен келісіп, оның кеңесін қолдаған. Көпшілік тұрмысқа шығу немесе үйлену мәселесінде асығыстық танытпай, алдымен бірін-бірі жан-жақты танып алу қажет екенін жазуда.