31.01.2026, 15:30

«Жұбайлары не қарап отыр?»: Нұрлан Әлімжан мен Қалаубаева қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

«Екеуі үнемі қатар жүретін сияқты». 

Әлеуметтік желілерде әншілер Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның бірге түскен кадрлары қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Интернет кеңістігінде тараған видео мен фотосуреттерде өнер иелерінің бір-бірімен етене араласқаны байқалады.

Осы көріністер желі қолданушылары арасында түрлі сұрақ туғызып, пікірталасқа себеп болды.

Кейбір оқырмандар:

«Жұбайлары бұған қалай қарайды екен?», «Екеуі үнемі қатар жүретін сияқты», «Шамадан тыс жақын емес пе?» – деп жазды.

Ал тағы бір топ желі қолданушылары олардың арасындағы қарым-қатынасты өнердегі әріптестік деп бағаласа, өзгелері ерекше байланыс болуы мүмкін деген ойларын білдіріп жатыр.

Алайда әзірге Нұрлан Әлімжан да, Айкерім Қалаубаева да бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.