$ 501.02  597.27  6.59

«Қыздардың құлағына алтын сырға»: Ерке Есмахан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Абысын, қайынаға болуға дайындалып жүрміз.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялады. Ол Instagram парақшасында қайын інісінің әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеп жүргенін хабарлады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Менің аппақ қайным бүгін әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Қадамың нық, рухың биік болсын. Әскердегі әр күнің бойыңа сабыр мен шыдам дарытып, шыңдай берсін», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ерке Есмахан оқырмандарының қыздар қауымына әзіл-шыны аралас үндеу жолдады.

«Мен абысын, Раймның қайынаға болуға дайын жүрміз. Қыздардың құлағына алтын сырға», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0