$ 501.02  597.27  6.59

«Менің әлсіз жерімді таба алмайсыңдар»: Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді ФОТО)

"Бірақ, өз комплекстеріңді маған ілмеңдерші". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқырмандарының бірі оның баласы Исламның суретіне бейәдеп жазба жіберген. Ашуға мінген әнші оқырмандарына ашық түрде жауап берді.

Сонымен қоса желіде Ерке Есмаханның Раймды бұрынғы қызынан қызғанатыны жайлы әңгіме тарап, хейт көптеп жазылған болатын.

"Балада нелерің бар? Мені әурелей беріңдер, балаға тиіспесеңдерші. Мені талқылай беріңдер. Бірақ, өз комплекстеріңді маған ілмеңдерші. Мен парақшама бірдеме салсам бірдеңе дәлелдегісі келеді деп домалап кететіндерің не? Мың жылдан бері жүргізіп келе жатқан парақшам ғой. Менің әлсіз жерімді әлі таба алмай жатырсыңдар. Тізіп айтып жатқандарыңның ешқайсысының салмағы жоқ. Жаудың да таңдап ал мықтырағын деген сөз бар. Мықты болыңдар. Ал кешегі концертіме риза болған оқырмандарды жақсы көремін", - деп жазды өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0