Тірі аңыз, махаббаттың символы.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Роза. Ұрпақ үні» атты деректі фильмнің жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі аталған жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Сондай-ақ алдағы концертте сахнаға киіп шығатын жаңа образын да көрсетті.
«Премьера! 2 ақпан! Роза Рымбаеваның шығармашылық қызметінің 50 жылдығына орай Тимур Балымбетов (танымал интервьюер) және Қанат Бейсекеев (белгілі қазақстандық деректі фильм режиссері) бірігіп түсірген “Роза. Ұрпақ үні” фильмі жарық көреді. YouTube желісінен көріңіздер!» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары халық әртісіне жылы лебіздерін білдірді.
– Қайталанбас Роза! Тірі аңыз, махаббаттың символы. – Аңыз адам, қазақ эстрадасының примадоннасы! – Әндеріңіз үшін рақмет! Шабыт, зор денсаулық пен бақыт тілейміз. Өнеріңіз жүректерді жаулай берсін!