02.02.2026, 15:40

«Жұғысты болсын»: Блогер Ырысбала Икрамбай ұл-қызына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Әбдіжаппардың кіндік баласы болған соң, бұл тойдың да ерекше өтетіні анық". 

Белгілі әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнежазбасын жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жақында блогер Ырысбала Икрамбай ұлының тұсаукесер тойын өткізіп, мерекелік кешке эстрада жұлдыздарын шақырған. Қонақтардың қатарында болған Роза Әлқожа жас отбасыға ақ тілегін арнады.

«Кеш жарық! Әбдіжаппардың кіндік баласы болған соң, бұл тойдың да ерекше өтетіні анық. Топырағы бір, тағдыры ұқсас сіңлім мен әрдайым кішіпейіл бауырымыздың қуанышына ортақтасып келдік. Көпбалалы, берекелі отбасы болып, осындай қуанышты күндер баршаға жұғысты болсын! Алла қуаныштан айырмасын», – деп жазды әнші.

Мұнымен қоса той төрінен Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Беспаев, Сара Тоқтамысова сынды өнер жұлдыздары да табылған.