$ 501.02  597.27  6.59

«24/7 жұмыс істейміз»: Динара Сәтжанның «байлық формуласы» желіні шулатты (ВИДЕО)

Біз де көп жұмыс істейміз, бірақ ақшасыз.

Фото: instagram.com/dinarasatzhan
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Қазақстандық тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан бүгін Instagram желісінде жаңа видео жариялап, байлықтың сырын меңзеп көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада ол әріптестерімен бірге билеп тұр. Жазба астына қысқа ғана сипаттама қалдырған:

– Барлығы бізді бай деп ойлайды. Ал біз жай ғана көп жұмыс істейміз, – деп жазды ол.

Сондай-ақ жазбада тағы бір нақтылау бар:

– 24/7/365 жұмыс істейміз.

Желі қолданушылары бұл пікірге белсенді түрде үн қатты.

Кейбір оқырмандар кәсіпкерді қолдап, жылы лебіз білдірді:

– Көп еңбек етіп, өмірден ләззат алу керек.
– Динара Сәтжан табандылығы мен еңбегінің арқасында табысқа жетіп жүр. Өте керемет.
– Қаралы жаңалықтар мен негативке толы заманда әдемілік жасап жүрген адамдарды көру қуантады.
– От!

Алайда басқа желі қолданушылары тәулік бойы жұмыс істеуге қатысты өзге пікір айтты:

– Жұмыстан нәтиже болу үшін 24/7 еңбек ету дұрыс емес. Біз робот емеспіз, демалып, қалпына келуге уақыт керек.
– Біз де көп жұмыс істейміз, бірақ ақшасыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0