$ 505.17  599.54  6.59

«Менімен ақша табайын дедің бе?»: Мадияр Серікбаев Құдайберген Бекіштен кешірім сұрады (ВИДЕО)

Мадияр Серікбаевтың айтуынша, Құдайберген Бекіштің өнері мен сахнадағы болмысы қашанда өзіне үлгі болған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

«Өнер қырандары» театрының басшысы Құдайберген Бекіштен кешірім сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Өнер қырандары» әзіл-ысқақ театрының басшысы Мадияр Серікбаев әнші Құдайберген Бекіштен кезінде рұқсатсыз жасалған пародия үшін көпшілік алдында кешірім сұрады.

Өнерпаз әншіні ерекше құрметтейтінін және оның шығармашылығын жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ сол уақытта кешірім сұрай алмағанына ыңғайсызданғанын айтып, бұл әрекеті үшін өкініш білдірді.

Мадияр Серікбаевтың айтуынша, Құдайберген Бекіштің өнері мен сахнадағы болмысы қашанда өзіне үлгі болған. Ол пародияның ешқандай жағымсыз ниетсіз жасалғанын, алайда авторлық және этикалық тұрғыда қателік кеткенін мойындады.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде жарияланып, көпшілік арасында қызу талқылауға түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0