Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн.
Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат Әшімова желідегі парақшасында жазба жариялады. Марқұмның жары өзінің жан жарасы мен сағынышын өлең шумақтары арқылы жеткізген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
“Жан бөлек. Жан бөлек!!! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды, Батырым айбалталы бөзге оранды. Қырық күн құлағалы құлагерім, Уақыт, емші екенсің, жаз жарамды. Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген, Көзіме жас келеді мөлтілдеген. Жаныма түскен қайғы жазылмастай, Алысқан адамдаймын дертімменен”, — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бағдат Әшімованы жұбатып, жылы лебіздерін жазуда.
”Алла жылаған көзге жас береді. Сабыр ет, қалқам”, “Ағамыздың мәңгілің мекені жәннәт болсын. Сізге ризамыз”, “Бекем болыңыз, кіші Асекеңді аяққа тұрғызыңыз”, — деп жазды олар.