03.02.2026, 12:50

«Бетім тегіс, әдемі»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бет күтіміне қанша жұмсайтынын айтты

Фото: коллаж Sn.kz

Бірі табиғи сұлулықты қолдаса, енді бірі қымбат күтімсіз де әдемі болуға болатынын жазуда.

Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы әлеуметтік желіде бет күтіміне қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Instagram парақшасында бетін қалай күтетінін көрсетіп, қымбат косметикаға әуес еместігін ашық айтты.

Айтуынша, күн сайын миллиондаған теңгеге крем, сарысу немесе косметикалық процедураларға жүгінбейді. «Көп боянбаймын, бетім тегіс. Терім өзінен-өзі әдемі», – дейді ол. Сондай-ақ косметиканы шамадан тыс қолданбайтынын, барынша қарапайым күтімді таңдағанын жеткізді.

Оның сөзінше, Instagram желісіндегі direct-ке күн сайын көптеген қыз-келіншек SPF жөнінде сұрақ жолдайды. «Қандай SPF қолданасыз?» деп жиі жазады. Алайда ол нақты бір брендке байланып қалмағанын, ең бастысы – теріні артық жүктемеу екенін айтты. Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі табиғи сұлулықты қолдаса, енді бірі қымбат күтімсіз де әдемі болуға болатынын жазуда.